Skip to content

Әлеуметтік медианауқан
сайтына қош келдіңіз
"Ең бастысы адамда тұлғасын көру"

Бұл іс-шара Шығыс Еуропа мен Орталық Азия аймағындағы АИТВ жұқтырған әйелдермен тығыз ынтымақтастықта әзірленгенімен ерекшеленеді.

2022 жылы біз АИТВ жұқтырған әйелдер арасында олардың күнделікті өмірде кездесетін қиындықтарын көрсететін зерттеу жүргіздік. Жауаптардың негізінде біз «анимадок» жанрында көркем элементтерді шынайы элементтермен үйлестіруге мүмкіндік беретін медиакампания ұйымдастырдық. Онда науқанға қатысушы әйелдердің тікелей дәйексөздері, олардың көздерінің фотосуреттері, сондай-ақ өз тілінде сөйлеген дауыстары қолданылады.

Іс-шара материалдары ағылшын, орыс, қазақ, қырғыз, өзбек және украин тілдерінде еркін қолжетімді, онлайн және офлайн жарнама үшін пайдалануға болатын бейнелер мен басқа да материалдарды қамтиды. Сіз оларды төмендегі сілтемелер арқылы таба аласыз.

«Ең бастысы адамда тұлғасын көру» іс-шарасы Gilead ұйымының қаржылық қолдауымен AFEW серіктестігі іске асырып жатқан «ШЕОА елдерінде АИТВ-ны жою үшін стигмаға қарсы тұру» жобасы аясында  әзірленді.

Баспасөз  хабарламасы

Биыл мамырдың 1-нен  бастап «ЭФЬЮ Казахстан»  ҚҚ АИТВ-мен өмір сүретін әйелдердің және халықтың осал топтарындағы әйелдердің мүмкіндіктерін кеңейтуге, сондай-ақ қоғамның оларға деген көзқарасын өзгертуге бағытталған «ШЕОА елдерінде АИТВ-ны жою үшін стигмаға қарсы тұру» жобасын жүзеге асырды.

Жоба аясында үш негізгі міндет жүзеге асырылды:

  1. Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген әйелдерге арналған психикалық денсаулық, стигма және өзін-өзі стигмаға итермелеуге қатысты тақырыптар бойынша «Армандағы әйел» онлайн курсы. Онлайн курсқа 35 белсенді әйел қатысты. Курс бағдарламасына әр түрлі тренер жүргізген 7 онлайн тренинг және эхо-тренинг ұйымдастыру бойынша 1 қорытынды кездесу кірді. Ол арнайы оқудан өткен әйелдер өз ортасы үшін, өзара көмек топтарында, түрлі ұйымдастырылған кездесулерде және бейнемессенджерлер арқылы қашықтан өткізілген тренингтерді қамтыды. Барлығы 170 әйел қатысты, оның 126-сы – АИТВ жұқтырған және 44-і халықтың осал топтарына жататын әйелдер.
  2. Екінші кезең АИТВ-мен өмір сүретін әйелдерге қатысты стигма мен кемсітушілік деңгейін бағалауға арналған зерттеу болды. Сауалнаманы құрастыруға және өңдеуге АИТВ жұқтырған әйелдер қауымының өкілдері қатысты. Сауалнаманы АИТВ жұқтырған әйелдер қауымының өкілдері жүргізіп, оған 91 әйел қатысты. Барлық сауалнама жасаушы деректерді жинау бойынша дайындықтан өтті. Зерттеу есебін мына жерден көруге болады…
  3. Өзін-өзі стигмалауды, қоғам тарапынан кемсітуді, жалпы стигманы азайту мақсатында 4 елде «Бастысын көру» ақпараттық науқаны өтті.

Сіз де АИТВ-мен өмір сүретін әйелдерді қолдауға арналған ақпараттық іс-шараға қатыса аласыз. Ол үшін төмендегі ақпараттық материалдарды жүктеп алып, оны қауымдастық арқылы немесе әлеуметтік желілерде жариялау арқылы тарату керек.

Жоба  серіктестері

ЭФЬЮ Казахстан

Үгіт материалдарын  жүктеп алыңыз

Зерттеу  есебі